«Рухы биік қаламгер» атты танымдық сағат өткізілді.
23 желтоқсан күні Көкқайнар ауылдық кітапханасында қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері Әбу Сәрсенбаевтың туғанына 120 жыл толуына орай «Рухы биік қаламгер» атты танымдық сағат өткізілді. Іс шара барысында кітапханашы Әбу Сәрсенбаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, ақынның поэзиясындағы терең ой мен көркемдік ерекшеліктерге тоқталды. Сондай-ақ ақынның таңдаулы өлеңдері оқылып, шығармаларының мазмұны мен тәрбиелік мәні кеңінен түсіндірілді.



