«Рух пен арды ту еткен» атты әдеби сағат өтті.

19 қараша күні Тасөткел ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Міржақып Дулатовтың 140 жылдығына орай «Рух пен арды ту еткен» атты әдеби сағат өтті. Іс-шара барысында кітапханашы Міржақып Дулатовтың өмір жолы мен шығармашылығы туралы кеңінен әңгімелеп, оның алғашқы өлеңдері, қазақ әдебиетіндегі тұңғыш романның авторы екені және «Қазақ» газетінде атқарған қызметі жөнінде ақпарат берді.