«Рахмет саған, туған ел!» камильфо өткізілді.

27 ақпан күні №2 Шу қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен «Рахмет саған, туған ел!» камильфо өткізілді.Шара барысында оқушыларға ризашылық, алғыс айту, татулық пен сыйластықтың маңызы туралы кеңінен әңгіме айтылды. Қатысушылар Отанға, ата-анаға, ұстаздарға және айналасындағы адамдарға деген алғыс сөздерін білдіріп, жүрекжарды тілектерін жеткізді. Сонымен қатар тақырыпқа байланысты өлеңдер оқылып, нақыл сөздер айтылды.