«Рәміздерім – мақтанышым» атты печа-куча форматындағы танымдық шара өткізілді.

3 маусым күні Абай ауылдық кітапханасында 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Рәміздерім – мақтанышым» атты печа-куча форматындағы танымдық шара өткізілді.Шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұраны туралы мазмұнды мәліметтер берілді. Қатысушыларға рәміздердің тәуелсіздігіміздің, егемендігіміздің және ұлттық бірлігіміздің басты нышандары екендігі түсіндірілді. Сондай-ақ 1992 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері бекітілгені және бұл күннің жыл сайын Мемлекеттік рәміздер күні ретінде аталып өтетіні айтылды.