«Рәміздерім-мақтанышым» әдеби кешін өткізді.
3 маусым күні орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 4 маусым -Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай «Рәміздерім-мақтанышым» әдеби кешін өткізді. Аталмыш шара Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылды.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы,Елтаңбасы және Әнұраны туралы мәліметтер беріліп, тақырыпқа байланысты ақын-жазушылардың өлеңдері оқылды.
Кештің мақсаты: оқырмандарға мемлекеттік рәміздердің тарихы мен маңызын таныстыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу, мемлекеттік нышандарға деген құрметті арттыру.


