«Рәміздерім-мақтанашым» әдеби сағат өткізілді.
4 маусым күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай «Рәміздерім-мақтанашым» әдеби сағат өткізілді.
Іс-шараның мақсаты:оқырмандарға мемлекеттік рәміздердің маңызын түсіндіру, олардың шығу тарихы мен авторлары туралы мәлімет беру, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезім мен елге деген құрметті қалыптастыру.
Әдеби сағат барысында Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Әнұраны туралы танымдық ақпараттар айтылып, рәміздерге арналған өлеңдер оқылды. Қатысушылар мемлекеттік рәміздердің тәуелсіз еліміздің басты құндылықтарының бірі екендігі жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар кітап көрмесі ұйымдастырылып, тақырыпқа байланысты әдебиеттер таныстырылды.




