«Рәміздер – елдігімнің белгісі» атты кітапхана оқырмандарың қатысуымен библиошар өтті.
3 маусым күні 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Сауытбек ауылдық кітапханасында «Рәміздер – елдігімнің белгісі» атты кітапхана оқырмандарың қатысуымен библиошар өтті. Іс-шара барысында кітапханашы барша қазақ елін айтулы мерекемен құттықтап, еліміздің нышаны болып саналатын рәміздердің мемлекетіміз үшін қаншалықты маңызды екендігіне тоқталып, мемлекеттік рәміздердің тарихы, авторлары жайында әңгімеледі. Шараға қатысқан Алға орта мектептің оқушылары шарға жасырылған сұрақтарға жауап берді. Шара соңында кітапханашы «Рәміз-мемлекетіміздің мызғымас негіздерінің бірі» атты кітап көрмесімен таныстырды.




