“Қыз қылығымен” атты байқау ұйымдастырылып, өткізілді.
7 наурыз күні №1 Шу қалалық кітапханасында «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында және 8 наурыз – Халықаралық Әйелдер күні мерекесіне орай “Қыз қылығымен” атты байқау ұйымдастырылып, өткізілді.
Мақсаты: Жастарды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Іс-шараға Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебінің оқушылары қатысып, байқау шарттарына сай таныстыру, сән көрсету, мақал – мәтел мен үй тапсырмаларын орындады. Осы шарттарды орындаудаа налар мен аруларға арнап, ақын-жазушыларының туындыларынан үзінділер оқып, әсем әндер мен күйлер шертілді.
Байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасының мүшелері жеңімпаздарды анықтап, бас жүлдеге Серік Диана лайық деп танылды. 1 орынды Есімбай Нұрайлым, 2 орынды Серікхан Жансая иеленсе, белсенді қатысқандары үшін алғыс хат пен бағалы сыйлықтар тапсырылды.


