«Қымбатсың, қасиетті туған тіл» атты әдеби кеш өтті.

11 ақпан күні №2 қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен «Қымбатсың, қасиетті туған тіл» атты әдеби кеш өтті.

Іс-шара барысында оқушылар Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым», Фариза Оңғарсынованың «Ана тілі», Қадыр Мырза Әлінің «Ана тілі» өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сондай-ақ басқа оқушылар тіл туралы мақал-мәтелдер айтып, туған тілге деген құрметтерін білдірді.

Кештің мақсаты – жас ұрпақтың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, тіл қадірін насихаттау.