«Құт, береке бастауы – Наурыз» әдеби-әуенді кеш өткізілді.
19 наурыз күні Ақтөбе ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған «Құт, береке бастауы – Наурыз» әдеби-әуенді кеш өткізілді.
Кеш барысында Наурыз туралы өлеңдер оқылып, әндер шырқалды, салт-дәстүрге байланысты « Салт-дәстүр сөйлейді», «Қазақ киімі», Ш.Байділдәұлы «Қазақтың ою-өрнектері» т.б ұлттық өнерімізді дәріптейтін әдебиеттерге шолу жасалды. Шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.




