«Құрметті азаматы», ақын – сазгер Бақыт Исаеваның «Жүрегі жырдан жаралған» атты ақындық көңіл-күй кеші өтті.

11 желтоқсан күні №2 Шу қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Шу ауданының «Құрметті азаматы», ақын – сазгер Бақыт Исаеваның «Жүрегі жырдан жаралған» атты ақындық көңіл-күй кеші өтті. Шара барысында кітапханашы ақынның өмір жолына тоқталып, оқушылар Б. Исаеваның өлеңдерін нақышына келтіріп оқып берді.