«Құқықтық сауаттылық – қауіпсіз өмір кепілі!» атты ақпараттық-танымдық сағат өткізілді.
20 тамыз күні Қонаев ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтары мен міндеттерін түсіндіру және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Құқықтық сауаттылық – қауіпсіз өмір кепілі!» атты ақпараттық-танымдық сағат өткізілді.
Іс-шараға Шу аудандық кәмелетке толмағандар жөніндегі инспекторы Қыздарбеков Нариман Ақбергенұлы және Қонаев ауылдық жастар ісінің маманы Бакирова Ақерке қатысты.
Кездесу барысында жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері, заң талаптарын сақтау, қоғамдық орындардағы тәртіп, құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздік ережелері туралы кеңінен түсіндірілді. Инспектор жасөспірімдерге заң алдындағы жауапкершілік жөнінде айтып, құқық бұзушылықтың түрлі салдарына тоқталды.



