«Қуғынмен басталып, азаппен аяқталған ғұмыр» атты тарихи кеш өткізілді.

25 қараша күні Оразалы ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті қайраткері, ақын, жазушы, публицист, ағартушы Міржақып Дулатовтың 140 жыл толуына орай «Қуғынмен басталып, азаппен аяқталған ғұмыр» атты тарихи кеш өткізілді.

Кеш барысында өмірі мен мұрасы таныстырылып, ол Алаш қозғалысының жетекші тұлғаларының бірі ретінде қазақ халқының саяси оянуына, ұлттық білім мен мәдениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлға екені атап өтілді.