«Қуандық шығармашылығы – ұрпаққа мұра!» атты әдеби кеш ұйымдастырылды.
15 қазан күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен “Жазушымен бір күн” кітапханалық жоба бойынша Қуандық Шолақовтың туғанына 85 жыл толуына орай «Қуандық шығармашылығы – ұрпаққа мұра!» атты әдеби кеш ұйымдастырылды.
Кеш барысында қатысушыларға Қуандық Шолақовтың өмір жолы, шығармашылық мұрасы мен өнер саласындағы еңбектері туралы мағлұмат берілді. Өнер иесінің қазақ мәдениетіне қосқан үлесі сөз болып, оның шығармашылығының ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы атап өтілді.
Шара барысында оқырмандарға тұлғаның өмірі мен өнер жолын таныстыратын мәліметтер ұсынылып, қатысушылар өз ойларын ортаға салып,сұрақтарға жауап берілді.


