«Қожа Ахмет Ясауи-түркі руханиятының шамшырағы» тарихи сағат өтті.

20 қазан күні аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Қожа Ахмет Ясауи-түркі руханиятының шамшырағы» тарихи сағат өтті.Іс-шара барысында кітапханашы Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен шығармашылығы, түркі халықтарының руханиятындағы орны мен ұлы мұрасы туралы мағлұмат берілді. Мақсаты : Ұлы бабамыздың өмірі мен мұрасын таныстыру, оның адамгершілік пен имандылыққа үндейтін өсиеттерін насихаттау, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарға деген құрметті қалыптастыру.