“Қош келдің, әз Наурыз!” өнеге сағаты өтті.
17 наурыз күні №1 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай “Қош келдің, әз Наурыз!” өнеге сағаты өтті. Іс -шара барысында кітапханашы оқырмандарды мерекемен құттықтап, наурыз мерекесі туралы қысқаша мәліметтер айтып, балалар Наурыз туралы өлең шумақтарынан шашуын шашты. Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.



