«Қоршаған ортаны қорғайық» тақырыбында танымдық сағат өтті.

26 қараша күні Көкқайнар ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Қоршаған ортаны қорғайық» тақырыбында танымдық сағат өтті. Іс-шара барысында оқушыларға табиғаттың құрамдас бөліктері – жер, су, ауа, өсімдік, күн және пайдалы қазбалар туралы түсінік беріліп, табиғатты қорғау, үнемдеу және таза ұстау қажеттілігі айтылды. Сонымен қатар кітапхана қорындағы экология тақырыбындағы кітаптар таныстырылды.