«Қилы заман жаңғырығы» атты тарих сағаты өткізілді.

29 мамыр күні 1 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай .Бүгін Көкқайнар ауылдық кітапханасында «Қилы заман жаңғырығы» атты тарих сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты – қазақ халқына төнген нәубет жылдарды еске алып, тарихымыздың қасіретті беттеріне шолу жасау, кейінгі ұрпаққа өткеннің тағылымын жеткізу.

Тарих сағаты барысында саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық жылдарындағы халқымыздың бастан кешкен ауыр тағдыры туралы кеңінен айтылып, оқырмандармен бірге тарихи деректер талқыланды.

Сонымен қатар, кітапхана қорындағы: Т. Байқұловтың «Әулие Ата өңіріндегі ашаршылық» С. Бақторазовтың «Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі саяси қуғын-сүргін: тағдырлар қасіреті» атты кітаптарына шолу жасалып, мазмұны таныстырылды.

Іс-шара оқырмандарға өткен тарихты ұмытпай, ел тағдыры жолында құрбан болған жандарды құрметтеудің маңызын ұғындырды.