«Қазақтың жыр аққуы» танымдық сағат өткізілді.

24 сәуір күні Көкқайнар ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Жамбыл облысының құрметті азаматы, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, өлкемізден шыққан ақын, журналист Күләш Ділдәқызы Ахметованың туғанына 80 жыл толуына орай «Қазақтың жыр аққуы» танымдық сағат өткізілді.

Іс-шара барысында қазақ поэзиясында терең мазмұнымен өзіндік із қалдырған ақынның өмір жолы мен шығармалары таныстырылды. Сонымен қатар, кітаптарына шолу жасалып, оқырмандарға насихатталып, кітап оқуға шақырылды.