«Қазақтың ұлттық қасиетті аспабы» атты ұлағатты сағат өтті.
1 шілде күні Абай ауылдық кітапханасында Ұлттық домбыра күніне орай ұйымдастырылған «Қазақтың ұлттық қасиетті аспабы» атты ұлағатты сағат өтті. Мақсаты – жас ұрпаққа домбыраның ұлттық құндылық ретіндегі маңызын түсіндіру, халқымыздың рухани мұрасын дәріптеу және ұлттық өнерге деген сүйіспеншілікті арттыру.
Іс-шара барысында қатысушылар қазақ халқының қасиетті аспабы – домбыраның шығу тарихымен, оның қазақ мәдениеті мен тұрмысындағы ерекше орнымен танысты. Домбыра арқылы ұлттың тарихы, салт-дәстүрі, өнегесі мен рухы ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отырғаны туралы мәліметтер берілді. Сонымен қатар күй өнері насихатталып, белгілі күйшілер мен олардың шығармалары таныстырылды.
Ұлағатты сағатта домбыра күйлері орындалып, оқушылар ұлттық өнер жайлы пікірлерімен бөлісті.



