«Қазақтың ұлттық қасиетті аспабы» атты өнегелі сағат ұйымдастырылды.

1 шілде күні Көктөбе ауылдық кітапханасында 1 шілде – Ұлттық домбыра күніне орай «Қазақтың ұлттық қасиетті аспабы» атты өнегелі сағат ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында кітапханашы қатысушыларға домбыраның шығуы туралы аңызды баяндап, қазақтың күй өнерін биік деңгейге көтерген ұлы күйші-композиторлар Құрманғазы, Дәулеткерей және күй анасы Дина Нұрпейісова туралы танымдық мәліметтермен бөлісті.

Сонымен қатар кітапхананың тұрақты оқырмандары Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйін орындап, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жас ұрпақтың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру және халқымыздың мәдени мұрасын насихаттау.