«Қазақтың ұлттық өнерін әлемге танытқан Нұрғиса» атты портреттік кеш өткізілді.
1 сәуір күні қазақ өнерінің біртуар тұлғасы, аса дарынды сазгер, дирижер, домбырашы Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай «Қазақтың ұлттық өнерін әлемге танытқан Нұрғиса» атты портреттік кеш өткізілді. Іс- шарада кітапханашы Нұрғиса Тілендиевтің күйлері мен әндері – қазақ халқының рухани қазынасы, ұлттық болмысымыздың жарқын көрінісі екенін айтып өтсе, Кітапхана оқырманы Солтанаев Сапарали «Өз елім» күйін тартып берді.

