«Қазақтың ұлттық ақыны» атты еске алу кеші өтті
18 тамыз күні Орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, дауылпаз ақын, қазақ поэзиясына өзіндік өрнегін әкелген қаламгер Қасым Аманжоловтың 115 жылдық мерейтойына орай «Қазақтың ұлттық ақыны» атты еске алу кеші өтті.
Шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылық жолы кеңінен таныстырылып, оның қазақ әдебиетіндегі орны мен ұлттық поэзияға қосқан өлшеусіз үлесі сөз болды.
Кеш барысында Қасым Аманжоловтың елдік рухты, Отанға деген сүйіспеншілікті, туған жерді, ерлік пен адамгершілікті арқау еткен сырлы да рухты өлеңдері оқылды.



