«Қазақтың үш қыраны» атты танымдық сағат өтті.

14 қаңтар күні Сауытбек ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыуымен қазақ халқының мақтанышы, әйгілі ұшқыш-ғарышкер, авиация генерал-лейтенанты, техника ғылымдарының докторы, мемлекет және қоғам қайраткері, Халық қаһарманы Талғат Мұсабаевтың туғанына 75 жыл толуына орай «Қазақтың үш қыраны» атты танымдық сағат өтті.

Іс-шара барысында кітапханашы оқырмандарды Қазақстанның ғарыш саласының негізін қалаушылардың бірі Талғат Мұсабаевтың өмір жолы, кәсіби жетістіктері мен ел ғылымы мен техникасының дамуына қосқан өлшеусіз үлесімен кеңінен таныстырды.