«Қазақтың тұңғыш ғарышкері» тұлғатану сағатын өткізді.
7 сәуір күні Еңбекші ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен қазақтың тұңғыш ғарышкері Талғат Мұсабаевтың 75 жасқа толуына орай «Қазақтың тұңғыш ғарышкері» тұлғатану сағатын өткізді.
Іс-шара барысында оқушыларға ғарышкердің өмір жолы мен жетістіктері таныстырылып, оның еліміздің ғылымы мен ғарыш саласына қосқан зор үлесі туралы кеңінен айтылды.



