«Қазақтың тұңғыш ғарышкері» атты блиц-іс-шара өтті
23 шілде күні Шу қалалық №2 кітапханасында «Қазақтың тұңғыш ғарышкері» атты блиц-іс-шара өтті
Шу қалалық №2 кітапханасының ұйымдастыруымен «Қазақтың тұңғыш ғарышкері» атты блиц-іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында кітапханашы ғарыштың адамзаттың ең ұлы армандарының бірі екендігін айтып, сол арманды жүзеге асырып, қазақ халқының атын әлемге танытқан тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің өмірі мен ерлігі туралы жан-жақты мағлұмат берді. Сонымен қатар, Тоқтар Әубәкіровтің 1991 жылғы 2 қазанда ғарышқа ұшып, қазақ елінің мерейін асқақтатқан тарихи ерлігі ерекше аталып өтті.



