«Қазақтың дарабозы – Қабдеш» атты танымдық сағат өткізілді.
16 ақпан күні Сауытбек ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Қазақтың дарабозы – Қабдеш» атты танымдық сағат өткізілді.
Іс-шара барысында кітапханашы Қабдеш Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беріп, кітап қорындағы жазушының «Тағдыр», «Дарабоз», «Саржайлау» және тағы басқа шығармаларымен таныстырды.


