«Қазақтың дарабозы – Қабдеш» атты танымдық сағат өткізілді.
1сәуір күні Белбасар ауылдық кітапханасында «Қазақтың дарабозы – Қабдеш» атты танымдық сағат өткізілді.
Бұл іс-шара қазақтың көрнекті жазушысы, мемлекет қайраткері Қабдеш Жұмаділовтің өмір жолы мен шығармашылығын таныстыруға арналған тәрбиелік мәні зор шара болды.
Шара барысында оқушыларға жазушының өмірбаяны, ел тағдырымен астасқан шығармашылық жолы кеңінен таныстырылды. Сонымен қатар оның тарихи романдары мен әңгімелері арқылы қазақ халқының өткені, ұлттық рухы, салт-дәстүрі жайлы мазмұнды мағлұмат берілді.



