«Қазақтың би-шешені Қарауылұлы Шелменбет» тақырыбында әдеби вернисаж өткізілді
27 қаңтар күні Еңбекші ауылдық кітапханасында қазақтың би-шешені Қарауылұлы Шелменбеттің 190 жылдығына орай «Қазақтың би-шешені Қарауылұлы Шелменбет» тақырыбында әдеби вернисаж өткізілді.
Шара барысында кітапхана қызметкері оқушыларға Қарауылұлы Шелменбеттің өмірбаяны, ел басқарудағы даналығы мен шешендік сөздері туралы кеңінен мағлұмат берді. Оқушыларға ой қозғайтын сұрақтар қойылып, шешеннің нақыл сөздері мен тағылымды ойлары талқыланды.

