«Қазақтың батыр ұлы – Бауыржан Момышұлы» атты портрет кеші өтті.

9 қазан күні  Көктөбе ауылдық кітапханасында «Ел болып оқимыз» жобасы аясында қазақтың әйгілі әскери қолбасшы, Ұлы Отан соғысында даңқы шыққан стратег және тактик, жазушы Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының – 115 жылдығына орай «Қазақтың батыр ұлы – Бауыржан Момышұлы» атты портрет кеші өтті. Іс – шараға Жамбыл атындағы орта мектептің 8 сынып оқушылары қатысып, кітапханашы оқырмандарымызға Бауыржан Момышұлының өмір жолы мен шығармашылығымен таныстырды.