«Қазақта қайталанбас ұлы тұлға» атты әдеби кеш өтті.

7 тамыз күні кітапхананың зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінің ұйымдастыруымен 10 тамыз – Абай күніне орай «Қазақта қайталанбас ұлы тұлға» атты әдеби кеш өтті.Іс-шара барысында бөлімнің тұрақты оқырманы Көшербаева Жұмагүл Абайдың жүрекке жылы тиетін «Көзімнің қарасы» әнін орындады. Сонымен қатар, Турдалиева Айгүл мен Айсаев Сұлтан ұлы ақынның қара сөздері мен тағылымға толы өлеңдерін мәнерлеп оқып, қатысушыларға рухани әсер сыйлады.