«Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем» тақырыбында флешмоб өтті.
24 қазан күн №2 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 25 қазан – Қазақстан Республика күніне орай «Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем» тақырыбында флешмоб өтті. Флешмоб Қазақстанның жас, креативті және бей-жай қарамайтын ел екенін, Отанға деген сүйіспеншілік пен бірлік рухын сақтау қаншалықты маңызды екенін еске салады, Отан үшін мақтаныш пен жастардың ел дамуына өз үлесін қосуға деген ұмтылысының шынайы көрінісі болды.



