«Қазақстан – қасиетті мекенім» атты поэзия сағаты өткізілді.
22 қазан күні Сауытбек ауылдық кітапханасында 25 қазан – Республика күніне орай Алға орта мектебінің 6–7 сынып оқушыларының қатысуымен «Қазақстан – қасиетті мекенім» атты поэзия сағаты өткізілді.
Шара барысында кітапханашы оқушыларға еліміздің тарихы, тәуелсіздік жолындағы тарихи кезеңдер мен ұлттық құндылықтар туралы баяндады. Оқушылар Отанға деген сүйіспеншіліктерін өлең жолдары арқылы жеткізіп, әсем билерімен және өнерлерімен көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.




