«Қазақстан-достық мекені» тақырыпта тәрбие сағаты өтті.

30 сәуір күні Мойынқұм ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі» күніне орай «Қазақстан-достық мекені» тақырыпта тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты : Оқырмандарға Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағы туралы түсінік беру, татулық пен достықты қадірлеуге тәрбиелеу, ел бірлігі – ел тірегі екенін ұғындыру,патриоттық сезімін ояту.Әр ұлттың мәдениетін құрметтеуге баулу.Қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың маңызын түсіндіру.