«Қазақстан- достық мекені» атты сторителлинг өтті.

30 сәуір күні Сауытбек ауылдық кітапханасында 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай «Қазақстан- достық мекені» атты сторителлинг өтті. Іс- шараға Алға орта мектебінің 6-7 сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін өскелең ұрпақ жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге шақырды. Аталмыш шарада Абылайхан Аділет «Менің Қазақстаным», Қасымқан Ақтілек «Достық күні», Секербек Раяна «Байтақ жерім» атты ақындардың өлең жолдарын мәнерлеп оқып берді.