“Қазақстан -достық мекені” атты достық шеңбері өтті.

30 сәуір күні 1 мамыр Қазақстан – Халықтарының Бірлігі күні мерекесіне орай “Қазақстан -достық мекені” атты достық шеңбері Бірлік ауылдық кітапхана мен клуб қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өтті. Шара барысында КСРО-ның халық әртісі күйші-композитор, дирижёр Н.Тілендиевтің “Аққу”, “Парасат”, “Құрмет” ордендерінің иегері күйші-композитор Ә.Желдібаевтың күйі “Ерке сылқым” күйлері орындалып, “Қазақ” биі, “Ұлттар” биі, “Манғол”биі, “Грузин” билері биленіп, “Ақ көгершін”, “Отан”, “Бірлігіміз жарасқандай”, “Біз бақытты баламыз”, “Атамекен” т.б. әндер орындалды. Жиналған көрермен көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.