«Қазақстан-бірлік пен татулықтың мекені» толеранттық кеш өтті.

30 сәуір күні орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен «Қазақстан-бірлік пен татулықтың мекені» толеранттық кеш өтті.

Кеш барысында Қазақстанда мекендейтін түрлі ұлттар мен ұлыстардың тату-тәтті өмір сүріп жатқаны туралы айтылды.

Шараға Шу аудандық түрік, әзірбайжан этномәдени орталықтарының жетекшілері, Төле би ауылдық округінің ақсақалдар кеңесінің мүшелері қатысып жас ұрпаққа Қазақстанның бейбітшілік пен келісімнің ордасы екендігін, ел бірлігі – тәуелсіздіктің тірегі екендігін айтып, жас ұрпаққа жарқын болашақ тіледі.