«Қазақ тілім – ұлттық тіл» атты библиошар өткізілді.
4 қыркүйек күні 5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күніне орай Балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен М.Мақатаев атындағы тірек мектебінің 5-сынып оқушыларының қатысуымен «Қазақ тілім – ұлттық тіл» атты библиошар өткізілді.
Шара барысында оқушылар шарларға жапсырылған сұрақтарға жауап беріп, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. Кітапханашылар оқушыларға ана тіліне деген сүйіспеншілік пен құрметтің маңызын түсіндіріп, туған тілге деген ыстық ықыластарын жеткізді




