“Қазақ тілі -ұлттың ұлы байлығы” атты оқу марафоны өтті.

4 қыркүйек күні Бірлік ауылдық кітапханасында 5 қыркүйек -Қазақстан Республикасының Халықаралық тілдер күніне орай “Қазақ тілі -ұлттың ұлы байлығы” атты оқу марафоны өтті.Шара барысында кітапханашы Қазақстандағы мемлекеттік тілдің рөлі мен маңызы, тілдерді сақтау және дамыту жайында айтылып,М.Х.Дулати атындағы орта мектептің 8 сынып оқушылары тақырыпқа сай өлең жолдарын мәнерлеп айтып,кітапханашы кітап қорындағы кітаптарға шолу жасады.