«Қазақ театрының көрнекті тұлғасы» атты танымдық сағат өткізілді.
7 қыркүйек күні Балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Қазақ театрының көрнекті тұлғасы» атты танымдық сағат өткізілді.
Іс-шара қазақ театр өнерінің көрнекті тұлғасы, Қазақ КСР халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері Фарида Шәріпованың 90 жылдығына арналды.
Шара барысында оқушыларға актрисаның театр және кино өнеріне қосқан үлесі таныстырылып, «Абайдағы» Ажар, «Қозы Көрпеш – Баян сұлудағы» Баян, «Еңлік-Кебектегі» Еңлік, «Қарагөздегі» Қарагөз, «Қан мен Тердегі» Ақбала секілді көрнекті бейнелері туралы ақпарат берілді.



