«Қазақ рухын жырлаған қаламгер» атты әдеби шолу сағаты өткізілді.
30 маусым күні №1 Шу қалалық кітапханасының ұйымдастыруымен Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп оқушыларының қатысуымен жазушы Софы Сматаевтың 85 жылдық мерейтойына орай «Қазақ рухын жырлаған қаламгер» атты әдеби шолу сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға қаламгердің өмірі мен шығармашылық жолы туралы жан-жақты мәлімет берілді. Сонымен қатар, Софы Сматаевтың шығармалары таныстырылып, кітаптарына әдеби шолу жасалды.
Іс-шараның мақсаты: жас оқырмандарды Софы Сматаевтың мол әдеби мұрасымен таныстыру, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру және ұлттық әдебиетке деген құрмет сезімін қалыптастыру.



