«Қазақ поэзиясының белді тұлғасы» поэзия кеші өтті.

28 мамыр күні орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен Олжас Сүлейменовтың 90 жылдығына орай «Қазақ поэзиясының белді тұлғасы» поэзия кеші өтті.

Кеш барысында қатысушылар Олжас Сүлейменовтың өмір жолы, шығармашылық қызметі мен қоғамдық еңбектері туралы мағлұмат алды. Ақынның елдік рухты, адамзаттық құндылықтарды, тарих пен мәдениетті арқау еткен өлеңдері оқылып, шығармаларына талдау жасалды. Сонымен қатар «Аз и Я», «Адамға табын, Жер, енді» секілді еңбектерінің әдебиет пен қоғамдағы орны ерекше аталып өтті.

Іс-шараның мақсаты: ақынның шығармашылық мұрасын насихаттау, поэзия әлеміндегі өзіндік қолтаңбасын таныту, жас ұрпақты әдебиетке, сөз өнеріне баулу және ұлттық рухты дәріптеу.