«Қазақ поэзиясының ақ гүлі» атты поэтикалық оқулар кеші өткізілді.
18 наурыз күні №2 Шу қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен «Қазақ поэзиясының ақ гүлі» атты поэтикалық оқулар кеші өткізілді. Шара барысында кітапханашы қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын, журналист, аудармашы Күләш Ахметова шығармашылығына кеңінен тоқталды.
Кеште ақынның өмір жолы мен әдебиетке қосқан үлесі жан-жақты таныстырылып, оның поэзия жанрындағы өзіндік қолтаңбасы ерекше аталып өтті.



