“Қазақ поэзиясының алтын сандығы” тақырыбында сыр-сандық өтті.

28 қараша күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен М.Мақатаев трек орта мектебінің 5 сынып оқушыларының қатысуымен «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ әдебиетінің айтулы ақыны, Қазақстан Жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының жаңа әнұранының авторы Жұмекен Нәжімеденовтың 90 жылдық мерейтойына орай “Қазақ поэзиясының алтын сандығы” тақырыбында сыр-сандық өтті. Шара барысында қаламгердің өмір жолы, шығармашылық ерекшелігі мен қазақ поэзиясына қосқан зор үлесі кеңінен насихатталып, оқушылар сыр-сандыққа жасырылған сұрақтарға жауап берді.