«Қазақ поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі» тақырыбында сұрақ-жауап шарасы өтті.

21 қыркүйек күні Шу қалалық №2 кітапханасының ұйымдастыруымен «Ел болып оқимыз» жобасы аясында қазақтың ұлы ақыны, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына орай «Қазақ поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі» тақырыбында сұрақ-жауап шарасы өтті.

Шара барысында қатысушыларға Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы, ақындық өнері, қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан мол мұрасы туралы мағлұмат берілді. Сонымен қатар ақынның ел тарихындағы орны мен шығармаларының тәрбиелік мәні кеңінен сөз болды.