«Қазақ операсының құлагері» атты өнер сағаты өткізілді.

22 шілде күні Шу қалалық №2 кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстанның халық әртісі, дарынды педагог, қазақ мәдениетінің мақтанышы Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Қазақ операсының құлагері» атты өнер сағаты өткізілді.

Шара барысында кітапханашы Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаевтың өнегелі өмір жолы, шығармашылық жетістіктері мен қазақ опера өнерінің дамуына қосқан өлшеусіз үлесі туралы кеңінен таныстырды. Ермек Серкебаевтың қайталанбас баритон дауысы, сахнадағы шеберлігі мен ұлттық өнерді әлемдік деңгейде танытудағы еңбегі ерекше аталып өтті.

Сонымен қатар қатысушыларға тақырыпқа байланысты кітаптар мен ақпараттық материалдар ұсынылып, өнер майталманының өмірі мен шығармашылығына арналған әдебиеттерге шолу жасалды. Іс-шара соңында оқырмандар қазақ операсының саңлағы Ермек Серкебаевтың шығармашылық мұрасымен танысып, ұлттық өнердің құндылығын тереңірек түсінді.