«Қазақ операсының қаһарманы – Ермек Серкебаев» атты танымдық кеш өткізілді.

21 шілде күні Ақсу ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен қазақ опера өнерінің көрнекті тұлғасы, КСРО және Қазақстанның халық әртісі Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Қазақ операсының қаһарманы – Ермек Серкебаев» атты танымдық кеш өткізілді.

Кеш барысында кітапханашы Ермек Серкебаевтың өмір жолы, шығармашылық белестері, опера сахнасында сомдаған жарқын бейнелері және қазақ пен әлемдік опера өнеріндегі ерекше орны туралы мазмұнды ақпарат ұсынды. Сонымен қатар, өнер саңлағының ұлттық мәдениетті дамытудағы өлшеусіз еңбегі мен шығармашылық мұрасы жан-жақты таныстырылды.

Іс-шараға қатысушылар танымдық кешке белсенді қатысып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Кездесу барысында қатысушылардың қазақ опера өнеріне деген қызығушылығы артып, ұлттық мәдени мұраны қастерлеуге және өнерге деген құрмет сезімін қалыптастыруға ықпал етті.