“Қазақ өнерінің ұлы тұлғасы” атты сыр-сандық өткізді.

15 тамыз күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері тұрақты оқырмандардың қатысуымен аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, Қазақстанның халық әртісі Ш.Қалдаяқовтың 95 жылдық мерейтойына орай “Қазақ өнерінің ұлы тұлғасы” атты сыр-сандық өткізді. Аталған шарада кітапханашы Шәмші әндері ғажайып саздылығымен, сылдырап аққан бұлақ суындай тап-таза сыңғырымен, лирикалық наздылығымен ерекшеленген және шығармашылық жағынан сіңірген еңбегі жайында айтты. Оқырмандар сандыққа жасырылған сұрақтарға жауап берді.