«Қазақ өнерінің көрнекті тұлғасы» өнер сағаты өткізілді.
17 сәуір күні Тасөткел ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Қазақ КСР халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәбит Қоңырбайұлы Оразбаевтың 90 жасқа толуына орай «Қазақ өнерінің көрнекті тұлғасы» өнер сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында көрнекті актер, сахна шебері Сәбит Оразбаевтың өмір жолы мен өнердегі жетістіктері таныстырылып, қазақ театр өнеріне қосқан зор үлесі туралы айтылды.


