«Қазақ өлең сөзінде өз өрнегі бар ақын» портреттік кеші өткізілді.

20 тамыз күні Ақтөбе ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Қазақ поэзиясында өзіндік қолтаңбасын қалдырған сыршыл ақын Қуандық Шолақтың туғанына 85 жыл толуына орай «Қазақ өлең сөзінде өз өрнегі бар ақын» портреттік кеші өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – ақынның өмірі мен шығармашылығын оқырман қауымға таныстыру, өлеңдерін насихаттау, жас ұрпақтың әдебиетке, поэзияға деген қызығушылығын арттыру.

Кеш барысында Қуандық Шолақтың өмір жолы мен шығармашылығына тоқталып, оның қазақ поэзиясындағы өзіндік орны туралы әңгімеледі. Ақынның табиғатты, туған жерді, адам болмысын жырлаған сырлы өлеңдері таныстырылды. Қуандық Шолақтың бірнеше жыр жинақтары оқырмандар назарына ұсынылды.Сондай-ақ

Ақынның туған жерге, табиғатқа деген сүйіспеншілігі мен азаматтық ой-толғамдары кеңінен насихатталды.